Внимание! Это ознакомительный вариант работы с системой, войдите или зарегистрируйтесь.
Размещение рекламы | Пользовательское соглашение | Тарифы
, Гость!
Режим : Trial 
Войти...
Регистрация...

Для организаций:
информационный буклет


Институт повышения квалификации специалистов релейной защиты и автоматики

  Союз образовательных сайтов
Онлайн Электрик > Электронная конференция «Электроэнергетика. Новые технологии»

Дата приоритета: 10.04.2014
Код ГРНТИ: 44.00.00
Сертификат участника: Скачать
Прислать статью

Жоғары сынып оқушыларының электротехникалық жұмыстарды орындауда жұмыс режимін дұрыс пайдалануын қалыптастыру

А.Т. Батырова, А. Эмірбекова
Международный Казахско-Турецкий университет

Заманауи өндірісте басты жұмыстар болып бірыңғай әлемдік ақпататтық кеңістіктен алынған ақпараттармен жұмыс жасау болып табылады. Технология адамның жоспары мен қызығушылығы туралы ақпараттарды және энергияны қолдану мен қайта құру туралы ғылым болып анықталады.

Электр қуатын пайдаланбайтын шаруашылық саласы жоқ. Жаңа техникалармен және сенімді де күрделі технологиямен жарақтануы нәтижесінде электр қуатын қажетсіну артып келеді. Оның үстіне өндірісті комплексті механикаландыру, автоматтандыру процестерінің өзі осы электр қуаты арқасында ғана іске асырылуы мүмкін.

Электр энергетикалық жүйелердің негізгі ерекшелігі, ондағы электр энергияның өндірілуі және тұтынылуы бір мезгілде болуы керек.

Электр станциялармен әрбір мезгілде өндірілетін энергия, сол уақытында пайдаланылуы керек. Пайдалану графигі үнемі өзгеріп отырады.

Бұл өзгерістер бір топ электрді тұтынушылардың (қабылдағыштардың) жұмыс режиміне байланысты. Электр тұтынушыларға жататындар: электр-мен жарықтану лампалары, тұрмыстағы және өндірістегі қыздыру аспаптары, қозғалтқыштары, өндірістік электр пеші, электролиздық қондырғылары, электротермиялық және электрмен пісіру қондырғылары, ауа баптағыштары (кондиционерлері) мен тоңазытқыштар (холодильники) басқа да арнайы қондырғылар.

Сонымен қатар, электр энергияны өндіріс кәсiпорындары, электрлен-дірілген тасымалдау көлігі, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы мен тұрмыстық тұтынушылар, қалаларда және ауылдарда қызмет ететін салалар-дың тұтынушылары, электр станциялардың өзіндік мұқтаждары пайдала-нады. Әдетте, электр желісімен тасымалданатын және бөлінетін электр энергияның технологиялық шығынын ескеру керек.

Қалалардың, ауылдардың және өндірістердің электр энергияны тәулігіне, айына және жылына пайдаланулары бір қалыпты емес. Оның себебі, кәсіпорындары бар, екі және үш кезекпен жүктеменің әр түрлі деңгейімен жұмыс істейді. Тағы да ескеретін мәселелер, олардың кезектерінің арасында үзіліс болады, жаз күндерінде, мейрамдарда және демалыс күндері тұтынушылардың жұмыс режімі әр түрлі. Жүктеменің графигіне ауаның температурасы да әсерін тигізеді. Графиктердің бір қалыпты болмауына шамшырақтардың (светильники) жүктемелері де өз үлестерін енгізеді (қыстыгүні таңертеңгі уақытта және кешкі уақыттарда өседі, ал жаздыгүні күндіз және түнгі уақыттарда азаяды).

Сөйтіп, электр қабылдағыштардың және бір топ электр тұтынушылардың жұмыс режимі олардың түрлеріне, атқаратын қызметтеріне және оларды пайдалану тәртібіне байланысты. Жұмыс режімі тәулік сағаттарында және жылдың айларында өзгеріп тұрады. Сонымен қатар пайдаланылатын электр қуаты да өзгереді (электрлік жүктеме).

Осы өзгерістерге сәйкесті электр станциялардағы және энергетикалық жүйенің әрбір бөлігінде жүктемелер өзгеріп тұрады.

Генераторлар мен тұтынушылардың қосынды активтік қуаттарының тең еместігі (небаланс) ауыспалы процеске әкеледі. Генераторлардың активтік қуаттарының артықшылығы жиіліктің көбейуіне (жоғарлануына) әкеледі. Генераторлардың активтік қуаттарының жетіспеуі жиілікті төмендетеді. Электр станцияларды пайдаланғанда (агрегаттардың қуаттарының шектелген мөлшерінде), электрлік жүйелердің аз ғана тербелісі электр станцияның жұмысына қиындық келтірмейді. Себебі ол агрегаттар қуаттың өзгерісін реттейтін автоматты реттегіштермен жабдықталады.

Егерде электрлік жүктемелер кенет өзгерсе және тез көбейтілсе, онда қосымша генераторларды іске қосу қажет. Бұл жағдайлар алдын ала болжамда болуы керек. Электр энергияны өндірілумен оның тұтынушысының айырмашылығы болмауы керек. Электр станцияларды дұрыс пайдалану үшін оның тәуліктік графигін білу керек. Ол тұтынушылардың графигіне байланысты.

Электр энергияны пайдалану режімі тұтынушылардың графигімен белгіленеді, яғни электрқондырғының қуатының уақытқа сәйкесті өзгеруі диаграмма түрінде беріледі.

Графиктерді тұрғызғанда абцисса өсінде тәуліктік сағаттар (0-24 сағатқа дейін), ординаты өсінде электрлік жүктеме (кВт, МВт) көрсетіледі. Графикте электр қондырғының активтік (Р), реактивтік (Q), толық (S) қуаттары және тоқ (1) көрсетіледі. Графиктер тәуліктік, апталық және қыстық, жаздық, көктемдік, күздік, жылдық болып анықталады. Пайдалану орнына байланысты тұтынушылар, қосалқы станция, станция, станция графиктері болып бөлінеді.

Тұтынушылардың тәуліктік жүктемесінің графигі

Жүктеме графиктері пайдалану және типтік болып бөлінеді. Пайдалану графигі өздігінен жазатын (самописцы) немесе әрбір сағат сайын тіркеп және бекітіп отыратын құралдар арқылы тұрғызылады.

Бірінші жағдайда график үзіліссіз күрделі қисық сызық ретінде, ал екінші жағдайда өлшелінген нүктелерді бір-бірімен қосатын сынық сызықтармен көрсетіледі (1-сурет). Егерде өлшенетін уақыт аралығы аз болса, онда жүктемелердің тербелісінің графигі дәл болады. Сірә, координат өсімен және сындырылған сызық арасындағы шектелген аудан (көлем), электр энергиялық тәуліктің санын көрсетуі тиіс (кВт.сағ.).

Көрсетілген графиктерді пайдалану ыңғайсыз (қолайсыз), сондықтан оларды сатылы түрге айналдырады. Бұл жағдайда екі өлшенген уақыттың арасындағы жүктеме тұрақты деп есептелінеді (2-сурет). Сатылы түрде пайдаланылатын тәуліктік графиктік нүктемелерді бір-бірімен қосатын сынық сызықты графикпен салыстырғандағы артықшылығы, оның қарапайымдылығы және электр энергиясының санын есептеу жеңіл.

Бір жылдық (жылдық) графикті тұрғызу үшін 365 тәуліктегі графиктерді тұрғызу міндетті емес. Ол үшін мезгіліне байланысты сол мезгілдерге тән екі тәуліктік графиктерді қарастырса болады. Оның біреуі жұмыс графигі, ал екіншісі мейрам күндеріндегі графиктер. Әр түрлі өндірістерге және тұтынушылар тобына қорытынды типтік график жасауда, тұтынушылардың пайдалану графигінің маңызы өте зор. Әрбір бөлек тұтынушылардың, жүктемелер тораптарының және энергетикалық жүйедегі тұтынушылардың қуаттарының тәулікте тұтынушылар тобына қорытынды типтік график жасауда, тұтынушылардың, жүктемелер тораптарының және энергетикалық жүйедегі тұтынушылардың қуаттарының тәулікке өзгеруін жобалағанда және олар туралы статистикалық деректерді жинағанда типтік график пайдаланылады (2-сурет).

1 – сурет. Нүктелерді бір-бірімен қосу арқылы тұрғызылған жүктеменің графигі.

2 – сурет. Жүктеменің сатылы тәуліктік графигі.

Өндірістік кәсіпорындарының жұмыс кезектілігіне (бір, екі, үш кезекті) және технологиялық процестің сипаттамаларына байланысты активтік қуатты пайдалану графиктері бір-бірінен қатты өзгеше. Электрлік көліктердің активтік қуатты пайдалану графиктері кілт айнымалы болады. Химиялық кәсіпорындарының тәуліктік графиктері тұрақты келеді.

Анықтама әдебиеттерінде типтік графиктер салыстырмалы бірлікте беріледі де, олардың жүктемесі 100%-ға тең деп алынып сатылы диаграмма ретінде көрсетіледі. Қалған сатыдағы жүктеме графиктері тәуліктің сол уақыттағы салыстырмалы мәнін көрсетеді (1а-суреті).

Мұнда n% - типтік графиктің ординатасына сәйкесті сатысы, %.

Бұндай жүктеме графигі Рмахқ=20МВт-ты болғанда.

Рмахболашаққа жобалағанда және графикті атаулы бірлікте тұрғызу үшін тұтынушылардың белгіленген қуаты анық болуы керек, ол номиналды қуаттың қосындысы деп есептелінеді.

Активтік жүктеме үшін:

PбелгPном

Сол мезгілде қосалқы станцияның шинасына қосылған жүктемелердің қуаты келесі өрнекпен анықталады:

Мұнда ηортам·ηортаж электр қондырғыларының тұтынушыларына және жергілікті желілердің номиналды жүктеме мезгіліндегі орта ПӘК-і (КПД).

Пайдаланған әдебиеттер

1. Өтешев Өтебай. Село электригінің серігі. - Алматы: Қайнар, 1985. – 296 б.

2. Нәдіров Е.Ғ. Электротехника және электроника негіздері: Оқу құралы/- Алматы: «Бастау» баспасы. -2012. – 588б.

3.Технология: Учебник для учащихся 3 класса сельских школ / Под ред. В.Д. Симоненко. – М.: Вентана-Граф, 2003. – 160 с.: ил.



Библиографическая ссылка на статью:
А.Т. Батырова, А. Эмірбекова Жоғары сынып оқушыларының электротехникалық жұмыстарды орындауда жұмыс режимін дұрыс пайдалануын қалыптастыру // Онлайн Электрик: Электроэнергетика. Новые технологии, 2014.–URL: http://www.online-electric.ru/articles.php?id=130 (Дата обращения: 27.06.2017)

Библиографическая ссылка на ресурс "Онлайн Электрик":
Алюнов, А.Н. Онлайн Электрик: Интерактивные расчеты систем электроснабжения / А.Н. Алюнов. - Режим доступа: http://online-electric.ru.


____________
Комментарии:






Дистанционые курсы
Повышение квалификации по программе БС-6 "Безопасность строительства и качество устройства электрических сетей и линий связи" (удостоверение гос. образца)
www.online-electric.ru

Профессиональная переподготовка
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки по программе «Проектирование, монтаж и эксплуатация систем электроснабжения»
www.online-electric.ru

SaaS, Облачные вычисления, программа расчета, пример расчета, Электроснабжение загородного дома, промышленных предприятий, электроснабжение дома, коттеджа, квартиры, электроснабжение зданий, цеха, города, микрорайона. Проект электроснабжения, электрификация, электрофикация, система электроснабжения, схемы электроснабжения, учебник по электроснабжению, договор электроснабжения, расчет электроснабжения, надежность электроснабжения, категории электроснабжения, промышленное электроснабжение, электрификация сельского хозяйства, проектирование электроснабжения онлайн!
Побелитель Конкурса Электросайт года                  
© ОНЛАЙН ЭЛЕКТРИК: Онлайн расчеты электрических систем Online-electric.ru, 2008-2017
© А.Н. Алюнов, 2008-2017 Свидетельство №16066 от 23.08.2010 года