Онлайн Электрик > Электронная конференция «Электроэнергетика. Новые технологии»

Дата приоритета: 04.04.2014
Код ГРНТИ: 44.00.00
Сертификат участника: Скачать
Прислать статью

Технологиялық білім берудің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері

Наурузова М.М.
Школа-гимназия № 17 им. Ататюрка

Осы шақты келешек үшін жетілдіру үшін өткен шақты жақсы білу керек. Оқу-тәрбие процесін ғылыми негіздеуге қойылатын талаптар, педагогика тарихын терең білуге өсіп келеді.

Теориялық педагогиканың пайда болу алдында көпғасырлық тәжірибеде жастарды тәрбиелеудің орны үлкен болған. Дәстүрлер, салттар әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастырған, оның ішінде еңбек дағдысы, білік, еңбекқорлық алғашқы орында болатын.

Феодалдық қатынастар орныққанда моралді-этикалық нормалар таптық сипатқа ие болды. Үстем етуші тап еңбекті, әсіресе, физикалық еңбекті жек көрген. Ол еңбекті тек қарапайым халық орындайды деп санаған. Бірақ еңбек көпшілік үшін өмірлік мұқтаждық болып есептелді де, жас буында оң көзқарас тудырды. Халықтық педагогика еңбек және еңбек тәрбиесін практикалық қызметке дайындық деп қана қарастырмай, сонымен қатар жас буынның физикалық және рухани даму құралы деп қарастырды. Осы дәуірден бастап бізге мақал-мәтелдер келе бастады.

Еңбек тақырыбына маңызды орын бөлінеді. Қазіргі уақытта “еңбек педагогикасы” ұғымы дәстүрлі, жиі кездеседі. Бұл ұғымның қалыптасуына еуропалық білім беру жүйесінде қабылданған гуманистік принциптер әсер етті. Тұлғаның өзіндік дамуы мектеп талаптарымен сәйкес болу мүмкіндігі қоршаған ортаның техника-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағы оқушыларды ересек еңбек өміріне дайындауға үлесін қосты. Әрине, ұлттық педагогикалық мектептер өз тәжірибесімен шектелген жоқ.

Мектепте кешенді немесе жобалық деп аталатын білім беру жүйесі ендірілді. Оның мақсаты - негізгі ғылыми салалар бойынша білімдер оқушының нақты еңбек қабілетіне қарай топтастыру. Кешенді-жобалық білім беру жүйесінің еңбек базасы көп мектепте табиғи және мауысымдық жұмыстармен шектелген болатын. Осы жағдайды келесі түрде сипаттауға болады. Мысалы, егер көкөністер егу үшін жүйек қазуға тапсырма берілсе, онда оқушылар жүйек сызбасын сызады (Сызу пәні), есептейді (Математика), жүйек топырағы қандай екенін анықтайды (Жаратылыстану пәндері: биология, химия, зоология). Оқу процесін осылай ұйымдастыру кезінде оқушының жүйелік біліммен қамтамасыз ету мүмкін емес болатын еді. Сонымен қатар еңбекті оқытудың да жүйесі құрылмаған еді. Себебі оқу мазмұны кездейсоқ болатын. Оқушылар қиылып алынған білімдер ғана алған, олар индустриализация мұқтаждықтарымен аз байланыста еді, ал еңбек дағдылары политехникалық емес, қолөнер сипатта болды.

Осыған тек әлсіз материалды база ғана емес, сонымен қатар еңбек, гуманитарлық және психологиялық мәдениеттің жоқ болуы себеп болған.

Мектептегі еңбек тәрбиесі мәселесінің қойылуы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты.

Еңбекті оқыту тарихын төрт кезеңге бөлуге болады: І – ХІХ ғ. соңынан 1917 ж. дейінгі; ІІ – 1917 ж. бастап Ұлы Отан соғысына дейінгі; ІІІ – соғыстан кейінгі жылдардан бастап 80 жж дейінгі; ІV – 1996 ж бастап.

І кезең. 1884 ж. жалпы орта білім беру жүйелерінде жеке пән ретінде педагогикалық қол еңбегі пәнін ендіру басталды. Пән мақсаты – балаларды жалпы дамыту, кәсіптендіру және өндіріске дайындау, өмірлік мәселелерді шығармашылық тұрғыдан дайындау.

Еңбектік бастама негізінен еңбекті оқытуға арналған. Ер балалар үшін – қол еңбегі, қыз балалар үшін – қол өнері. Оқытуды анықтайтын бағдарлама саны өте көп болған (мұғалімдерге осы бағдарламаға өзгерту енгізуге рұқсат етілген). Осы бағдарламалардың барлығы ерлер үшін ағаш-, металл өңдеуге; қыздар үшін тігуге, тоқуға және кесте тігуге арналған.

ІІ кезең. 20...30 жж. Бұл кезеңде үлкен масштабты және ұзақ мерзімді сынақтар жүргізілді. Олар өте ауыр жағдайда (азаматтық соғыс, күйзеліс, ұжымдастыру, индустриализация) жүргізілді және ескі мектепті жаңа мектепке, яғни, еңбектік, өндірістік (политехникалық) жолға ұмтылған мектепке ауыстыруға негізделді.

Қарастырылған кезеңді үш қысқа периодқа бөлуге болады. Біріншісі (1917-1922) периодта оқу-тәрбиелік процестің басты назарын оқумен органикалық байланысқан өндірістік еңбекке аударды. Оқу қызметін оқушылардың еңбек қызметінің аясында жүргізуге тырысты.

Екінші периодта (1923-1927) оқу-тәрбиелік қызмет өзегі ретінде адамның өндіріс пен оқу қызметінің теориялық зерттеуді қою әрекеті жасалды. Жалпы орта дайындық еңбек қызметімен бірігіп, және оған сүйену керек.

Индустриализацияның, ұжымдастырудың және бірінші бесжылдықтың басталуы еңбек мектебінің дамуына импульс алып келді. Үшінші период (1928-1932) барысында мектепті политехникаландыруға, өндіріспен біріктіруге ұмтылыс жасалды. Оқу жоспарына өндіріс негіздері курсы ендірілді, мектептер саласы ұқсас өндірістерге, шаруашылықтарға бекітіле бастады. Осыған орай, өндіріс ерекшелігіне қарай бірқатар пәндер енгізілді.

ІІІ кезең – 50...80 жж. – мектептегі еңбектік бастаманың сәтті даму уақыты, оқушының еңбекке дайындау жүесінің біртіндеп қалыптасу кезеңі. Бұл процесс халық шаруашылығының квалификациялық кадрларға қажеттілігінің өсуімен, жастар рөлінің өсуімен ерекшелінді.

Еңбек дайындығының даму ерекшелігі - оның мақсаттарын нақты анықтау болып саналды. Олар жалпы сипатта болды: оқушыларды практикалық қызметке, халық шаруашылығындағы өндіріске дайындау. Біріншіден, материалды өндіріске, тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау. Нормативтік құжаттамада, еңбекті оқытуға арналған оқу бағдарларамаларында мақсаттар нақты құрылған. Уақыт өте келе, олар дәлірек анықталған, мұнда басты назар – тәрбиелік, дамытушылық және политехникалық және кәсіби бағыттағы ақпаратты күшейтуге арналған.

70 жж. ортасында қалыптасқан еңбекке дайындау жүйесінің құрылымы мен мазмұны келесі сипатта болған. Жүйенің өзара байланысты, бірін бірі толықтыратын буындары болып еңбектік, кәсіптікке дейінгі және кәсіптілік оқыту, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбек, техникалық шығармашылық бойынша кластан тыс және мектептен тыс жұмыс, профоринтация, жалпы орта пәндерінің политехникалық бағыты есептелді.

70 жж. соңында көптеген мектептердің, мектепаралық УПК, балалық мектепке дейінгі мекемелерінің бөлінбес бөлігі болып болашақ мамандығын таңдау жұмысы (профориентация) саналды. Оның өзегі болып кәсіби ақпарат есептелді.

1988-1989 жж. В.А.Поляковпен басқарылған ғалымдар мен практиктер ұжымымен “Үзіліссіз білім беру жүйесіндегі жастарды еңбекке дайындау концепциясы” дайындалды, оның мәні қазіргі күнге дейін маңызды және өзекті.

IV кезең – 1996 ж. басталады. Дамыған елдердегі соңғы онжылдықтағы сапалы құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді постиндустриалды қоғамға өту деп аталады. Олар даму мен басқару концепцияларының өзгерісіне – технократтық әдістен инновациялық әдіске өтуге, персоналмен басқарудан адам ресурстарын басқаруға алып келді. Қызмет құрылымында бірінші кезеңге адам-тұлға, адам-маман деген категориялар шықты. Ел дамуының басты факторлары болып кәсіби бағытпен бірге шығармашылық, үзіліссіз даму және өзіндік оқыту бағыты саналды. Ұқсас процестер біздің елде де басталды және қоғамның оқу қажеттіліктерін өзгертті. 90 ж. білім беру реформасы оқу мен тәрбиелеуге гуманистік әдісті, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Осының мақсаты - жастарды жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда еңбек етуге дайындау. Осы мақсатты іске асыруда мектебтердің оқу процесіне “Технология” концепциясын енгізу маңызды болып табылды. Еңбекті оқытумен салыстырсақ, технологияны ендіруде келесі жаңалықтар пайда болды:

- оқушылардың шығармашылығын, инициативтілігін, дербестігін және тапқырлығын дамыту;

- оқушылардың жобалық, технологиялық мәдениет, әңгімелесу, еңбек ету қабілеттерін дамыту;

- экономика, кәсіпкерлік негіздерін, үй шаруашылығын жүргізу әдістерін меңгерту.

Технологияны зерттеу нәтижесінде орта мектеп бітірушілері өз қажеттіліктері мен бар ресурстарды тиімді бағалай алады, жобалау кезеңінде шешім қабылдаудың тиімді нұсқасын таңдай алады, және өз болашақ мамандығын барабар таңдай алады.

“Технология” концепциясы мұғалімге жобалық әдісті міндетті түрде пайдалануды ескертеді. Оның өзегі - оқушыларды идеядан бастап іске асыруға дейін түрлендіру қызметіне қосу болып саналады. Жобаны орындау барысында оқушылар жобалау алгоритмын қарастырып, ақпаратты талдайды, өңдейді, технологияларды пайдаланады, жаңа білімдерді алады. Осының нәтижесінде олардың шығармашылық, интеллектуалды қабілеттері дамиды, жоспарлау және шешім қабылдау дағдысы пайда болады. Осы алған дағдыны өмір тәжірибесінде пайдалана алады.

Сөйтіп, “Технология” концепциясы бойынша оқушыларды өз бетінше еңбек етуге дайындау тенденциясы: басты, негізгі қызметті бөліп алу. Психология тұрғысынан бұл дегеніміз – баланың психологиялық ерекшелігіне сәйкес тиісті кезеңде басты өзгерістерге негізделген қызметті дамыту. Сол негізделген қызмет қалған басқа психикалық әрекеттердің дамуына себепкер болады.

Басталған әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі педагогтардан жаңа есептерді шешуді қажет етеді. Бүгінгі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдай маңызды педагогикалық аспектты қамтиды. Өткен шақпен болашақтың ішкі, рухани эволюциясы қажет. Ол орындалады, егер оқушының еркін, өзіндік ерекшелігі еңбек ету барысында өзіндік жауапкершілікпен, өзінің өміріне қойылған талаптармен, өмірінің мағынасымен сәйкес болса және осы бағытта өз күшін толық пайдаланса.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Симоненко В.Д. Технологиялық мәдениет негіздері. - М.: Издательство Вентана-Граф.- 1998.-268с

2. Симоненко В.Д. Технологиялық мәдениет және оқыту.- Брянск: Издательство БГПУ.- 2001.-214с.

3. Бердышев А.В. Технология в школе: предметно-функциональный подход // Школа и производство №2. - 2002.

4. Технология: Учебник для учащихся 3 класса сельских школ / Под ред. В.Д. Симоненко. – М.: Вентана-Граф, 2003. – 160 с.: ил.



Библиографическая ссылка на статью:
Наурузова М.М. Технологиялық білім берудің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері // Онлайн Электрик: Электроэнергетика. Новые технологии, 2014.–URL: /articles.php?id=124 (Дата обращения: 16.04.2024)



Библиографическая ссылка на ресурс "Онлайн Электрик":
Алюнов, А.Н. Онлайн Электрик : Интерактивные расчеты систем электроснабжения / А. Н. Алюнов. – Москва : Всероссийский научно-технический информационный центр, 2010. – EDN XXFLYN.