Внимание! Это ознакомительный вариант работы с системой, войдите или зарегистрируйтесь.
Размещение рекламы | Пользовательское соглашение | Тарифы
, Гость!
Режим : Trial 
Войти...
Регистрация...

Для организаций:
информационный буклет


Институт повышения квалификации специалистов релейной защиты и автоматики

 
Онлайн Электрик > Электронная конференция «Электроэнергетика. Новые технологии»

Дата приоритета: 01.04.2014
Код ГРНТИ: 44.00.00
Сертификат участника: Скачать
Прислать статью

Оқушылардың электротехникалық біліктілігін арттыруды жүзеге асыру

Батырова А.Т.,
Амирова А.,
Международный Казахско-Турецкий университет

ҚР-дағы заманауи әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы білім берудің жаңа сапасын талап етеді. Ол жалпы білім беру мекемелерін бітірушілерінің өзінің жағдайын және қоғамның жағдайын жасауға дайындығы мен қабілеттілігіне өз жауапкершілігімен қарауды қарастырады.

Бұл мақсатқа жетудегі маңызды рөлі мектеп оқушыларына технологиялық білім бере алу қажет. Мектеп қабырғаларындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген оқушылардың еңбектік дайындыңының оң және теріс жақтары болды. Еңбекке бауылып оқытуға қызығушылық аса жоғары болған емес, себебі, ол оқушылардың талабы мен ынтасына байланысты болмады. Олар өз еңбегінің тұлғалық және әлеуметтік мәнін біле алмады. Еңбекке баулып оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістері оқушыларды қызықтыратын зерттеу әрекеттеріне тартпады.

Мемлекеттік саясаттың білім беру саласында жаңа қағидалары жастарды еңбекке дайындаудың бұрыңғы жүйесінің кемшіліктері мен өскелең ұрпақтың дамуындағы мәселелеерді есепке ала отырып қабылданды.

Оқушыларды әу бастан электротехника элементтерімен таныстыру өмірлік жағдайлармен байланысты, өмірлік күнкөрісте терең электрофикация орын алады, балалар кішкентай кезінен электрлік құрылғылар мен электрлік болмыстармен кездеседі: жарықбергіш және жылу құрылғылары, ас мәзірлеу құралдары, өздерін өзгеден бөлек қызықтыратын электірлік ойыншықтар т.б. айрықша үлкен қызығушылық танытатын электрленген ойыншықтар көпбілгіштікке және шығармашылық белсенділікке итермелейді. Ойыншық мысалында бала қарапайым электр тізбегімен және олардың элементтерімен танысады: электр тогы, шам қозғалтқыш, сөндіргіш, резистор т.б.

Кіші сынып оқушыларына қарапайым электрлік құрылғыларды түсініп білуге көмектесу қажет. Себебі, олар өздерінің құмарлығын қанағаттандыру үшін ойыншықтарды сындырмай ішіндегі қарапайым бұзылған жерлерін электр көздерін, жарық шамдарын жөндеп орнына келтіруге ықпал етеді. Бәлкім, дәл осы электрленген ойыншық негізінде оқушыларда электроника деген білімнің қызықты саласының біріне тұрақты қызығушылық қалыптасады.

Осы бөлімнің кіріспесі, сондай-ақ, балалардың өмірлік көзқарасын кеңейтуге олардың ойлау қабілеттерінің дамуына, білуге деген қызығушылығының қалыптасуына және политехникалық білімдерінің жинақталуына ықпал етеді. Тұрмысты электрлендіру үй шаруашылығындағы еңбекті жеңілдетіп қана қоймай электротехникалық жабдықтарды пайдаланумен байланысты қосымша қауіптерді тудыратынын ескеру қажет. Сондықтан осы кішігірім курс шеңберінде үй жағдайындағы электрлік құралдар мен күш қуат көздерін қолдану ережелеріне назар аудару қажет.

"Электротехника" тарауларын оқытудағы материалды – техникалық қамтамасыз ету нұсқаулығы.

Оқушылар электр тізбегінің дайын элементтерімен жұмыс істеуі керек және тек қана тізбекті жинау жұмысын жасауы тиіс. Бұл жағдайда электромеханикалық дайын детальдар конструкторларды пайдалануы дұрыс. Бірақ бұл жиынтықтардың әдістемелік құндылықтары әртүрлі. Кейбір жиынтықтар тізбекті жалғауды дайын түрде орындауға мүмкіндіктер беруі, ал кейбірін оқушы өзі орындауы керек. Осы жиынтықты оқушыларға көбірек пайдалануға беру керек, өйткені осы жиынтықты лайдаланғанда оқушы тізбекті дұрыс қосуды қз бетінше үйрене алады. "Электроконструктор" типтегі электротехникалық жиынтықпен қатар физика кабинетіндегі құрал жабдықтарды пайдалануға болады.

Оқушыға білім берудің мазмұнын өзгертуге ұсыныстар.

Кез келген тарауды оқытудың мазмұны мен әдістерін таңдау күрделі мәселе болып табылады. Бұл мәселені әр сабақтың мақсаты мен міндетіне байланысты жекелей шешу орынды болады. Тақырыпты түсіндіру физикалық демонстративті тәжірибие арқылы жүргізілуі керек және ол оқушылардың практикалық жұмысымен бекітуі керек. Бұл сабақ уақытының 70-75% алуы тиіс.

Оқыту және әдістемелік әдебиетті зерттеу және сараптау.

Оқыту әдебиеті – бағдарламалар , оқулықтар, әдістемелік құралдар. Қазіргі оқулық-басылымның күрделі түрі, оған қойылатын талаптар көп. Оқулықтың мазмұны мен мақсаты мектеп типімен анықталады. Бағдарламада түрлі тауарлардың көп болуы, жаңа тақырыптардың пайда болуы, ғылым, техника және технологияның дамуы оқулықпен қамтамасыз етілуге жоғары талаптар қойып отыр. Бұл оқулықтың сапасын бағалау мұғалімге өте қажет екендігін , кітапханадағы бірнеше оқулықтан таңдау , осы әдебиетпен жұмыс жүргізудің рационалды тәсілдерін таңдау керек екендігін көрсетіп отыр.

Оқушылардың технологиялық оқытудың дамытушылық компоненттерін іске асыру мүмкіндіктері.

Бұрынғы әдіс бойынша балалар тек материалды объектілермен жұмыс жасағанда және электротехникалық тарауды оқыту үшін берілетін аз уақыт ішінде оқушыға қалыптасқан біліктілік беру мүмкін емес еді. Оны қалыптастыру үшін біршама жаттығулар орындалу керек. Уақытты үнемдеу үшін оқыту процесінен сабақтарда оқушыларға слесарьлық жұмысты жүргізудің және бір затты механикалық жинастырудың орнына олардың электрификациялық жолын көрсету керек. Мысалы, светильник жасау үшін дайын корпустар мен электромонтажды жұмыстарды орындату қажет. Кез-келген біліктілік күрделі жұмыс арқылы келеді, оны екі түрлі бөлікке бөлуге болады: зияткерлік және моторлы. Электротеникалық біліктілік (схема жасау және сараптау) зияткерлік мінезге ие, бұл бөлім тек материалдық қана емес, материалданған құралды пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл оқушылар үшін жаттығуларды көбейтіп, оларға қиынға соқпайтындай етіп үйге тапсырма ретінде беруге мүмкіндік береді.

Бұл графикалық тапсырмалар сурет түрінде беріледі, ол электр тізбегінің шынайы элементтері мен тапсырмалар тексті бар. Графикалық тапсырмалар тәжірибелік тапсырмаларға ұқсас келеді, біліктілікті қалыптастыру үшін пайдаланатын жаттығулардың кемшіл тұстарын толықтырып отырады, яғни зияткелік бөлігін де қамтамасыз етеді.

Практикалық біліктілікті дарыту кезінде еңбекке баулудың негізгі ережелеріне ғана емес, тек қана кәсіпке баулып қана қоймай, оны түсінікті мәнді болуын да ойластыру керек. Бұл түсініктерге: электр заряды, өткізгіштер мен изоляторлар, электр тогы, электр ток көздері, қуат, электр тізбегі жатады. Бұндай түсініктерді оқушыға аналогия (ұқсастық) әдісін пайдалану арқылы жеткізуге болады. Өйткені, 3-сынып оқушылары заттың құрылымы, зат бөліктерінің хаостық қимылы дегенді түсінбейді, ал «физикалық дене» дегенді олар адам денесіндей деп түсінуі мүмкін. Алайда, бұл түсініктер қарапайым деңгейде түсіндірілгенде, кейінгі 9-сыныптағы физика курсын оқытумен алшақтау болмау керек.

Тақырыптың негізгі бөліктеріне кіріспені мектептің физика кабинетіндегі құрал-жабдықтардың көмегімен өткізуге болады. Оқушыларға «теориялық» ақпарат беру сабақтың 30%-нен артық болмауы керек, ал практикалық бөлігінде слесарлық немесе ұсталық (столярные) жұмыстар жүргізілмеуі керек деп жоғарыда айтқанбыз. Практикалық жұмыс кезінде оқушы пайдаланатын құрал тек байланыстыра салатындай дайын болуы керек.

Практикалық жұмыстарды оқушыларға негізгі ережелерді бекіту үшін үй тапсырмаларымен толықтырылып отыруы тиіс .

Оқушының дәптерінде сабақ тақырыбы, үй тапсырмасы, сабақтың негізгі мазмұны жазылуы керек. 3-сынып оқушыларының жазуы баяу болғандықтан, сөздік жазуларды азайтып, 1-2 қысқа фразалармен жазылып, оның орнына қарапайым суреттер – символдар, тірек сигналдар сабақ мазмұнын түсіндіру үшін қажет.

Практикалық жұмыс мазмұны.

– Денелердің электрленуі және олардың өзара әсері.

- Әртүрлі заттардың өткізгіштігін анықтау

- Токтың түрлі гальвантты көздерін зерттеу және олардың электрлік схемасын жасау.

- Ток көзі,қуат және кілттен тұратын қарапайым электр тізбегін құрау.

- Электр лампасының маркасы мен құрылымын танстыру. Электромагнит құрылғысымен және двигательдің ішкі түрімен таныстыру. Оларды электр тізбегіне қосу.

- Екі лампаны сабақтастыра (сатылай) байланыстыру және оны ток көзіне қосу.

- Екі лампаны параллель жалғау және оны ток көзіне қосу.

Демонстративті тәжірибие (көрсету) (III сынып )

1. Электрлену.

2. Электрленген денелердің өзара әсері. Электр зарядының екі түрі.

3. Электр зарядының берілуі.

4. Электроскоптың қызметі және құрылымы.

5. Өткізгіштер және изоляторлар.

6. Гальвандық элемент (қарапайып).

7. Гальванды ток көздерінің әртүрлілігі және олардың маркасы.

8. Шартты белгілер таблицасы.

9. Токтың жылулық қызметі: электр лампасы, тұрмыстық электр жылулық құрылғылары, жылулық элементтер құрылымы.

10. Қарапайым электр тізбегі.

11. Токтың магниттік қызметі.

12. Электромагнит.

13. Токтың механикалық қызметі.

14. Электромотор.

15. Лампаларды сатылай жалғау.

16. Лампаларды параллель жалғау.

Сонымен, оқытушының құрылымдық моделі базалық мазмұны мен кәсіби және кәсіпке дейінгі дайындықтың қосымша курстарын қарастырады. Базалық мазмұны түсінігінде білім беру оқыту кәсіпорындарының барлық түрлерінде оқитындарда қалыптасуы тиіс білімдердің минималды көлемі түсіндіріледі. Бұған берілген уақыт бастапқы оқу жоспарындағы «Электротехника» факультативіне бөлінген уақытқа сәйкес болуы қажет. Электротехника бөлімдерін тереңдетіп оқыту және мектеп оқушыларын кәсіби дайындау оқу жоспарының факультативті бөлігі сағаттарының шеңберінде жүргізілуі мүмкін.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Нәдіров Е.Ғ. Электротехника және электроника негіздері: Оқу құралы/- Алматы: «Бастау» баспасы. -2012. – 588б.

2. Симоненко В.Д. Технологическая культура и образование.- Брянск: Издательство БГПУ.- 2001.-214с.

3. Технология: Учебник для учащихся 3 класса сельских школ / Под ред. В.Д. Симоненко. – М.: Вентана-Граф, 2003. – 160 с.: ил.



Библиографическая ссылка на статью:
Батырова А.Т., Амирова А. Оқушылардың электротехникалық біліктілігін арттыруды жүзеге асыру // Онлайн Электрик: Электроэнергетика. Новые технологии, 2014.–URL: http://www.online-electric.ru/articles.php?id=122 (Дата обращения: 18.08.2017)

Библиографическая ссылка на ресурс "Онлайн Электрик":
Алюнов, А.Н. Онлайн Электрик: Интерактивные расчеты систем электроснабжения / А.Н. Алюнов. - Режим доступа: http://online-electric.ru.


____________
Комментарии:






Дистанционые курсы
Повышение квалификации по программе БС-6 "Безопасность строительства и качество устройства электрических сетей и линий связи" (удостоверение гос. образца)
www.online-electric.ru

Профессиональная переподготовка
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки по программе «Проектирование, монтаж и эксплуатация систем электроснабжения»
www.online-electric.ru

SaaS, Облачные вычисления, программа расчета, пример расчета, Электроснабжение загородного дома, промышленных предприятий, электроснабжение дома, коттеджа, квартиры, электроснабжение зданий, цеха, города, микрорайона. Проект электроснабжения, электрификация, электрофикация, система электроснабжения, схемы электроснабжения, учебник по электроснабжению, договор электроснабжения, расчет электроснабжения, надежность электроснабжения, категории электроснабжения, промышленное электроснабжение, электрификация сельского хозяйства, проектирование электроснабжения онлайн!
Побелитель Конкурса Электросайт года                  
© ОНЛАЙН ЭЛЕКТРИК: Онлайн расчеты электрических систем Online-electric.ru, 2008-2017
© А.Н. Алюнов, 2008-2017 Свидетельство №16066 от 23.08.2010 года