Внимание! Это ознакомительный вариант работы с системой, войдите или зарегистрируйтесь.
Размещение рекламы | Пользовательское соглашение | Тарифы
, Гость!
Режим : Trial 
Войти...
Регистрация...

Для организаций:
информационный буклет


Институт повышения квалификации специалистов релейной защиты и автоматики

  Союз образовательных сайтов
Онлайн Электрик > Электронная конференция «Электроэнергетика. Новые технологии»

Дата приоритета: 12.03.2014
Код ГРНТИ: 44.00.00
Сертификат участника: Скачать
Прислать статью

Орта мектептердегі факультатив курстарында электротехниканы оқытудың маңызы мен өткізу әдістері

Батырова А.Т., Мусурова Г.,
Международный Казахско-Турецкий университет,
Казахстан

Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, көлікте, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы басқа да халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады.

Электротехника деп электрлік және магниттік құбылыстардың іс жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз. Электротехника – электр және магнит құбылыстарын іс жүзінде қолданатын ғылым, ал электроэнергетика – еліміздің экономикасының басты саласы. Ол ғылыми техникалық прогресстің және барлық өндіріс салаларының қарқынды түрде дамуында белгілі рөл атқарады. Электротехника осы заманғы қоғамның барлық маңызды салаларында қолданылады.

Факультатив сабақтарының мақсаты мен маңызы. Факультатив курсының мазмұны және өткізу әдістері. Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары мектептерде 1966 жылдан бастап енгізілген. Ол кезде мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап оқытудың жалғыз формасы болды. Ҝазіргі кезеңде факультатив сабақтары мектептегі саралап оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді: деңгейлік және бағдарлы саралау. Оларға берілетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап қатысады. Факультатив сабақтарының маңызы: - оқушылардың қабілеттерін дамыту; - қызығушылықтарын қанағаттандыру; - оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту; - оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру; -оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру; - оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баян-дамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу); - оқушыларға кәсіби бағдар беру.

Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады; 1) Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін байланыстырып, толықтырады. 2) Ҝолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді. 3) Арнайы курстар. Бұларда оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады. Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарла-масында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады. Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау. Кейбір факультатив курстары 1 жыл бойы оқытылса, кейбірулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Егер факультатив курсы бірнеше жыл бойы оқытылса, оның әр жылдағы бағдарламасы автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл курсқа қатыса алады. Факультатив сабақтарына қатынасатын оқушылар саны 10 адамнан кем болмауы керек. Шағын жинақталған метептерде факультативтік сабақтарға қатынасатын оқушылар әр сыныптан жинақталуы мүмкін. Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарламалары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады. Физикадан факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайындаудың негізінде О.Ф.Кабардин көрсеткендей ұстанымдар жатады: - факультативтің негізгі курспен байланысы; - факультатив курстарының мазмұнында фундаментальді физикалық заңдар мен принциптердің (сақталу заңдары, сәйкестік пен симметрия принциптері т.б.) болуы; - пәнаралық байланыстың жүзеге асуы; - политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.

Жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының бағдарламасы мазмұны жағынан негізгі физика курсының бағдарламасымен сәйкестенген болуы керек. Бұл сабақта қаралатын физикалық заңдар мен құбылыстарды тереңірек қарауға мүмкіндік береді. Осы факультативтік сабақтарды жоспарлау негізгі курстық сабақтарды жоспарлаумен параллель жүзеге асады. Мысалы жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының мазмұны 8-сыныпта «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстары», 9-сыныпта «Механика», 10-сыныптың физикадан факультативтік курсында «Молекулалық физика», «Электродинамика», 11-сыныптың физикадан факультативтік курсында «Электродинамика» (жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар». 8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылулық, электрлік, жарық құбылыстары туралы білімдері толықтырылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсіндіріледі. Жылулық ұлғаю және оны техникада ескеру қарастырылады. «Атмосфера физикасы» тақырыбын қарастырудың білімділік құндылығы оқушылардың физика мен географиядан алған білімдері интеграцияланады. «Электр тогы», «Электромагниттік құбылыстар» тақырыптарын қарастырғанда негізінен қолданбалы мәселелер: электролиз, оның қолданылуы; электр өлшеуіш құралдар, электрмагниттік реле, айнымалы токты алу, трансформатор т.б. қарастырылады. «Оптика» тарауы бойынша фотометрия элементтері, жарықтың сыну заңдары, линзалардың формулалары, ақ жарықтың спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады. 9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты – оқушының механика тарауы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, қашықтықты және уақытты өлшеудің әртүрлі практикалық әдістерімен таныстыру. Кинематикада зейін қозғалысты графиктік бейнелеуге, классикалық жылдамдықтарды қосу заңдылықтарының қолдану шегі мен жарықтың жылдамдықтарының шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді. «Динамика» тарауын қарастырғанда негізгі материалдармен қатар инерциалдық емес санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысы, центрден тепкіш механизмдер қарастырылады. Бұл сыныпта «Ҝатты денелердің айналмалы қозғалысы» тақырыбын қарастырғанда айналмалы қозғалыстың кинематикалық және динамикалық сипаттамалары инерция моменті ұғымы мен айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі беріледі. 10-сыныптың факультативтік курстарында молекулалық физика модельдерінің қолданылу шегі, молекулалардың жылдамдықтары бойынша жіктелуі (Максвелл), статистикалық және термодинамикалық әдістер қарастырылады. «Термодинамика» тарауы бойынша жылу сиымдылық ұғымы тереңірек қарастырылып, газдардың жылу сиымдылығының оның күйінің өзгеру процесіне тәуелділігі, қайтымсыз процесс туралы түсінік, термодинамиканың ІІ заңы және оның статистикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері қарастырылады. «Электродинамика» тарауында Остроградский-

Гаусс теоремасы, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектрлік эффект, жартылай өткізгіштің қолданылуы сияқты мәселелер қарастырылады. Электрлік шамаларды және магниттік шамаларды өлшеу әдістеріне көңіл бөлінеді. 11-сыныптың факультативтік курсында электромагниттік тербелістер туралы білімдері гормониялық емес тербелістерді қарастыру арқылы тереңдетіледі.

Политехникалық білім берудің мақсаты оқушыларды үш фазалы токты алу, үш фазалы токтың асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын тасымалдау жүйесін қарастыруда жүзеге асырылады. Жарықтың толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-Френель принциптері туралы түсінік беріледі. «Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады. «Ҝолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыттың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизмдердің, машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға бөлінеді. Мысалы, 7-8 сыныптарда «Физикалық шамалар және оларды өлшеу».

Курстың міндеттері:

- оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу әдістері, өлшеу қателіктері, экспериментальдық зерттеу деген сияқты ұғымдармен таныстыру;

- өлшеу құралдарын қолдануға үйретіп, өлшеу дәлдігі ұғымын қалыптастыру;

- оқушыларды экспериментальдық алған білімдері негізінде экспериментік зерттеудің зерттеу мақсатына сәйкестігі туралы қорытынды жасауға үйрету;

- техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер туралы түсінік беру;

- еңбек ету қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оларды орындауға үйрету.

Оқушылар тәжірибелік (демонстрациялық, зертханалық) зерттеулер жүргізу арқылы экспериментті жоспарлау, нәтижесін кесте, график, диаграмма түрінде көрсету сияқты эксперименттальдық біліктерді меңгереді. Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімінде экспериментальдық физикалық зерттеулердің әдістері мен принциптері туралы қажетті білімдер, құралдардың құрылысының негізінде жатқан физикалық принциптер туралы мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімі фронтальдық зертханалық, практикумдық жұмыстардан және экскурсиядан тұрады. Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар. Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен сүйемелденеді. Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып бойынша оқушылар шағын хабарлама жасап, соның маңайында пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі - физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынады. Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фронтальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі. Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Электротехниканың теориялық негіздері: оқулық./ Ы. Т. Туғанбаев. -Алматы: 2012. 500 б.

2. Электротехника және электроника негіздері: Оқу құралы./ Е.Ғ. Нәдіров, С.Б. Балабатыров, К.О.Ғали, ж.б. - Алматы: 2012. - 588 б.

3. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. /Жүсіпқалиева Ғ.Ҝ., Джумашева А.А., Ҝұбаева Б.С./ - Орал: 2012. – 195 б.



Библиографическая ссылка на статью:
Батырова А.Т., Мусурова Г. Орта мектептердегі факультатив курстарында электротехниканы оқытудың маңызы мен өткізу әдістері // Онлайн Электрик: Электроэнергетика. Новые технологии, 2014.–URL: http://www.online-electric.ru/articles.php?id=118 (Дата обращения: 27.02.2017)

Библиографическая ссылка на ресурс "Онлайн Электрик":
Алюнов, А.Н. Онлайн Электрик [Электронный ресурс] / А.Н. Алюнов. - Режим доступа: http://online-electric.ru.


____________
Комментарии:





Наши достижения:


Дистанционые курсы
Повышение квалификации по программе БС-6 "Безопасность строительства и качество устройства электрических сетей и линий связи" (удостоверение гос. образца)
www.online-electric.ru

Профессиональная переподготовка
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки по программе «Проектирование, монтаж и эксплуатация систем электроснабжения»
www.online-electric.ru

SaaS, Облачные вычисления, программа расчета, пример расчета, Электроснабжение загородного дома, промышленных предприятий, электроснабжение дома, коттеджа, квартиры, электроснабжение зданий, цеха, города, микрорайона. Проект электроснабжения, электрификация, электрофикация, система электроснабжения, схемы электроснабжения, учебник по электроснабжению, договор электроснабжения, расчет электроснабжения, надежность электроснабжения, категории электроснабжения, промышленное электроснабжение, электрификация сельского хозяйства, проектирование электроснабжения онлайн!
Побелитель Конкурса Электросайт года                  
© ОНЛАЙН ЭЛЕКТРИК: Онлайн расчеты электрических систем Online-electric.ru, 2008-2017
© А.Н. Алюнов, 2008-2017 Свидетельство №16066 от 23.08.2010 года