Внимание! Это ознакомительный вариант работы с системой, войдите или зарегистрируйтесь.
Размещение рекламы | Пользовательское соглашение | Тарифы
, Гость!
Режим : Trial 
Войти...
Регистрация...

Для организаций:
информационный буклет


Институт повышения квалификации специалистов релейной защиты и автоматики

 
Онлайн Электрик > Электронная конференция «Электроэнергетика. Новые технологии»

Дата приоритета: 10.03.2014
Код ГРНТИ: 44.00.00
Сертификат участника: Скачать
Прислать статью

Оқушыларға электротехника бағыты негізінде кәсіби бағдарлау және политехникалық білім беру

А.Т. Батырова, П. Кусбекова
Международный Казахско-Турецкий университет
Казахстан

Болашақ жоғары білімді маман интелектісін жасауда кәсіби бағдардың мәні, оның тигізер ықпалының ғылыми тұжырымдамасы білікті маман-тұлға туындатуға болашақ студенттердің сол мамандық қақында даярлық рөлінің ерекше маңыз алатындығын айқындай түседі. Десекте кәсіби бағдар беру мәнінің төңірегінде қалыптасқан ұғым сол мамандыққа оң көзқарас туындату арқылы таңдаған кәсібін тереңдей игеруге, яғни студенттің оқу қызметіне ықыласын аударып, ынта туындатар психологиялық құлшыныс көзі іспетінде ғылыми негізде тұжырымдалғанымен оны іс жүзінде асырудағы әр түрлі әрекеттік аспектіде қарастырылуы - әзірге бұл істе бір ізге түсірілген жүйеліктің жоқтығын, бірегей үлгісінің жасалмағандығын көрсетеді. Осындай себептерді ескере келіп біз болашақ электротехника мамандығын игеруді қалайтын жастарға осы мамандық бойынша кәсіби бағдарлауды және политехникалық білім беруді жөн көрдік.

Кез-келген мемлекеттің алға дамуы (прогресі) көбінесе болашақта ғылымның, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін өсіп келе жатқан ұрпақтың ғылыми және еңбек дайындығымен анықталады. Мектеп бітірген барлық мектеп оқушылары қажетті теориялық және қолданбалы білімдерге ие болуы керек, қазіргі заманғы өндіріс жөнінде түсінктері болуы тиіс.

Қазіргі Әлемде ғылыми-техникалық революция жағдайында, өнеркәсіптің барлық салаларында жоғарғы квалификациялы жұмыскерлер керек. Олар қазіргі заманғы күрделі машиналарды, компьютерлерді, робот-автоматтарды, бағдарламалармен басқарылатын станоктарды, т.б. жеңіл меңгере алатындай болу керек. Сондықтан мектептің алдында оқушыларды тиянақты жалпы білімдік дайындықпен қамтамасыз ету және оқуға дағдыландыруды қалыптастыру, қысқа мерзімде жаңа мамандақ алуға немесе өндіріс өзгергенде басқа мамандыққа тез ауысуға үйрету міндеті тұр.

Политехникалық білім идеясы алғаш рет өткен ғасырдың (XIXғ.) аяғында ұсынылған еді. Әрқашанда әлеуметтік тапсырысты орындаған мектеп Батыс Еуропа жағдайында қоғамның басталған урбандалуын (қалаға шоғырлануын), өнеркәсіптік өндірістің тез өсуін ескеруі қажет еді. Өсіп келе жатқан ұрпақты өндірістік қызметке араластыруға дайындау қажеттілігі туындайды. Политехникалық білім идеясына ғылыми негіздеме К.Маркс еңбектерінде көрініс тапты. Советтер Одағында политехникалық мектептердің қалыптасуына Н.К.Крупская үлкен роль атқарды. Политехникалық білім мен политехникалық ұстаным мәнін бүгінгі таңдағы ұғыну (пайымдамасы) нақ сол Н.Крупскаяға тиесілі. Ол былай деді: «Политехнизм сабақ берудің ерекше бір пәні емес, ол барлық пәндерге енуі керек, ол физикада да, химияда да, табиғаттануда да, қоғамтануда да материал таңдауда бейнеленуі қажет. Осы пәндердің өзара үйлесімділігі және олардың практикалық қызметпен, әсіресе олардың еңбекке баулуымен байланысы қажет». Н.К.Крупскаяның бұл пікірінде политехникалық білім беруді жүзеге асырудың жолдары айқындалған.

Политехникалық білімге бүкіл дүние жүзінде болып жатқан ғылыми-техникалық революция үлкен әсер етеді.

Қазіргі кезеңдегі политехникалық білім берудің негізгі мақсаттарына жататындар:

- оқушыларды ғылыми-техниканың даму бағыттарымен таныстыру

- оқушыларды кейбір техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принципінің негізінде жатқан физикалық біліммен таныстыру.

Осы негізгі мақсаттардан басқа политехникалық оқыту мақсаттарына оқушылардың шығармашылық техникалық қабілеттерін дамыту; оқушылардың танымдылық белсенді іс-әрекеттерін қалыптастырып дамыту; оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және т.б. айтуға болады.

Физика сабақтарында қарастырылатын оқу материалындағы политехникалық білімнің мазмұнына енуге тиісті:

1. Физика мен техниканың байланысы

2. Ғылыми-техниканың дамуының негізгі бағыттары

3. Қазіргі кезеңдегі өндірістің негізгі салалары

4. Нақты техникалық объектілері мен технологиялық процестер

5. Әлеуметтік-экономикалық білімдер

6. Экологиялық білім

Политехникалық білім беру нәтижесінде оқушылар физика мен техниканың арасындағы қос байланысты көреді. Бір жағынан физика техниканың фундаменті болса, екінші жағынан техника физикалық зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге жаңа техникалық құралдар береді және ғылыми зерттеулерге түрткі болады. Мысалы уран ядросының ыдырауын зерделеу ядролық энергериканың, ал арнайы салыстырмалы теорияның пайда болуы лазер мен үдеткіштерді конструкциялаудың негізін салды.

Физика – ғылыми-техникалық төңкерістің басталуы мен дамуын анықтап берген ғылымдардың бірі болып саналады. Өндірістің және өндіріс күштерінің өсуі көбіне физика ғылымы-ның прогресіне байланысты.; физика қоғамның тікелей өндіруші күшіне айналды. Физика саласындағы жетістіктер материалдық өндірістің барлық саласына ықпал етуде, олардың ішінде, машина жасау, энергетика, электроника, электротехника бар. Нақ осы салалар, ғылыми негіз ретіндегі физикаға сүйене отырып, бірінші кезекте ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етіп отыр. Осыған байланысты политехникалық білім беру оқушыларға ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды бағыттарының (механикаландыру, автоматтандыру, энергетика, электр аспап жасау, жаңа материалдар жасау) ғылыми негіздерімен, қазіргі заманғы өндірістің негізгі салаларымен таныстыруды талап етеді.

Өсіп келе жатқан ұрпаққа экологиялық білім беру – бүгінде мектеп алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі. Техниканың қарқынды дамуы, табиғи байлықтардың жедел түрде игерілуі қоғам мен табиғаттың, адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы проблемасын алға қояды. Оқушылардың экологиялық сауаттылығы – бұл политехникалық білім берудің құрамдас бөлігі, өйткені ғылым жетістіктерін пайдалану табиғаттағы тепе-теңділікті бұзбау негізінде құрылуы керек. Шын мәнісінде, электрлендіру проблемасын талқылау жылу, су және әсіресе атом электр станцияларының құрылыстарына байланысты олардың экологиялық зардаптарын талдамай мүмкін емес. Политехникалық шеберлікті қалыптастыру – физика сабақтарында политехникалық оқытудың маңызды міндеті. Физика сабақтарында политехникалық іскерліктерді қалыптастыру политехникалық білім берудің басты мақсаты. Политехникалық іскерліктерге мыналар жатады: өлшеу құралдарын қолдану және өлшеулерді орындау; таблицаларды пайдалану; графиктарды оқу және салу; электр сұлбаларын сызу және солар бойынша электр тізбектерін жинау; өлшеудегі қателіктерді бағалау.

Соңғы онжылдықта қолданбалы политехникалық материал сипатына көзқарас түбегейлі өзгерді. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бөлініп шығуы ҒТП өзектік идеялары айналасындағы оқу политехникалық материалдарды жүйелендіруге мүмкіндік береді. Физика сабақтарында оқушыларда политехникалық білімдер мен шеберліктердің қалыптасуы барлық оқу процесі бойында біртіндеп қалыптасады. Сондықтан физика курсының тарауларында өзара байланысқан, техникалық прогресс бағыттары, қолданбалы физика мен техниканың байланысы бар белгілі бір жүйенің болғандығы маңызды.

Мектеп жұмыстарының тәжірибесінде физиканы оқыту процесінде политехникалық оқытудың келесі формалары мен әдістері қалыптасқан: физикалық заңдар мен құбылыстардың практикалық қолдануларын мұғалімнің түсіндіруі; машиналар мен техникалық қондырғыларының қызметінің жұмыс істеу принциптерін көрсету; физико-техникалық мазмұны бар кино-, теле- және бейнефильмдерді көрсету; техникалық-өндірістік мәліметтері бар есептерді шығарту; техникалық объектілер және аспаптармен танысып, меңгеруді көздейтін зертханалық және фронтальды практикалық жұмыстарды орындату, өндіріс орындарына экскурсия жасау; өзбетімен бақылауларды жүргізу, (сыныпта және үйде), физико-техникалық үйірмелер жұмыстарына оқушыларды қатыстыру; танымдық ғылыми-техникалық әдебиеттерді сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру; қолданбалы физиканың факультативтік курстары.

Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке (мамандыққа) бағдарлау

Мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері бірі – еңбек қызметіне белсенді қатысуға өсіп келе жатқан ұрпақты дайындау болып табылады. Сондықтан да жалпы біл ім беретін мектеп оқушыларға терең білімдерді беріп, оларды тәрбиелеп және дамытып қана қоймай, сонымен қатар, оларды кәсіпке бағдарлау дайындығын жүзеге асыру қажет. Кәсіпке бағдарлау – бұл оқушыларды болашақ мамандыққа дайындаудың және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету бағытында арнайы ұйымдастырылған жұмыс. Болашақ мамандығын таңдау үшін мектеп оқушыларының біздің еліміздегі халық шаруашылығы, оның дамуының негізгі перспективалары жөнінде жалпы түсінік-тері болуы қажет. Сонымен бірге орта мектептердің түлектері қандай да болмасын өндірістің бір саласында қолданылатын техника мен технология, нақты бір мамандықтар мен кәсіптер, таңдаған мамандықтың жұмыс жағдайлары мен мүмкіндіктері туралы түсініктерге ие болулары қажет.

Мектептің кәсіпке бағдарлау жұмысының құрылымы әртүрлі және көбіне пікірталасты. Кәсіпке бағдарлаудың ең мәнді компо-ненттеріне (құрамдас бөліктеріне) келесілер жатады: оқушыларды халық шаруашылығының салаларымен және негізгі көп кезде-сетін мамандықтармен таныстыру; мамандықты саналы түрде таңдауға дайындау бойынша мектеп оқушыларының мақсатты іс-әрекеттерін ұйымдастыру; мамандық таңдау мен жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша оқушыларға кеңестер беру.

Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдау ұстанымдарының бірі – қоғамның кадрларға деген сұраныстарын ескеру. Оқушылар назарын нақты бір аймақ, қала немесе ауылда ерекше жетіспей жатқан, мұқтаж мамандықтарға аудару керек.

Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдаудың басқа бір маңызды ұстанымдарының бірі – оқушылардың өздерінің қызығушылықтары мен ниеттерін ескеру. Мамандықты дұрыс таңдау – қызығушылықтардың, бейімділіктердің, кәсіптік ниеттердің қалыптасуы мен дамуына байланысты ұзақ процесс. Физиканы оқу оқушыларда ең алдымен техника мен физикаға байланысты қызығушылықтардың қалыптасуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Бұл тек әлеуметтік мәні бар педагогикалық маңызды міндет емес, сонымен қатар техника мен өндіріс технологиясының дамуының қажетті шарты.

Кәсіпке бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыруда мектептік оқу бағдарламасының аясынан шығатын қосымша материалдарды қолдану мүмкіндігі бар. Осы мақсатта физика мұғалімі мектеп орналасқан аймақпен алдын-ала танысып, мектептің бағытталған мамандығы бойынша кәсіби оқытудың типтік бағдарламаларын мұқият талдауы керек. Материал таңдаудағы негізгі критерий – бұл қазіргі заманғы өндіріске тән еңбек процестері мен мамандықтардың, мектептік бағдарлама материалдарымен байланысы бар ақпараттың болуы. Одан әрі физика мұғалімі тақырыптық жоспар құрып, мазмұнын, оқылып жатқан физикалық материалға сәйкес кәсіпке бағдарлау материалдардың формасы мен көлемін анықтайды.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ., орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі.-Алматы., 1998.

2. Малафеев Р.И. Проблемное обучение физике в средней школе.-М.,1991.

3. Шаронова Н.В. Методика формирования научного мировозрения учащихся при обучении физике. -М.,1994.



Библиографическая ссылка на статью:
А.Т. Батырова, П. Кусбекова Оқушыларға электротехника бағыты негізінде кәсіби бағдарлау және политехникалық білім беру // Онлайн Электрик: Электроэнергетика. Новые технологии, 2014.–URL: http://www.online-electric.ru/articles.php?id=116 (Дата обращения: 18.08.2017)

Библиографическая ссылка на ресурс "Онлайн Электрик":
Алюнов, А.Н. Онлайн Электрик: Интерактивные расчеты систем электроснабжения / А.Н. Алюнов. - Режим доступа: http://online-electric.ru.


____________
Комментарии:






Дистанционые курсы
Повышение квалификации по программе БС-6 "Безопасность строительства и качество устройства электрических сетей и линий связи" (удостоверение гос. образца)
www.online-electric.ru

Профессиональная переподготовка
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки по программе «Проектирование, монтаж и эксплуатация систем электроснабжения»
www.online-electric.ru

SaaS, Облачные вычисления, программа расчета, пример расчета, Электроснабжение загородного дома, промышленных предприятий, электроснабжение дома, коттеджа, квартиры, электроснабжение зданий, цеха, города, микрорайона. Проект электроснабжения, электрификация, электрофикация, система электроснабжения, схемы электроснабжения, учебник по электроснабжению, договор электроснабжения, расчет электроснабжения, надежность электроснабжения, категории электроснабжения, промышленное электроснабжение, электрификация сельского хозяйства, проектирование электроснабжения онлайн!
Побелитель Конкурса Электросайт года                  
© ОНЛАЙН ЭЛЕКТРИК: Онлайн расчеты электрических систем Online-electric.ru, 2008-2017
© А.Н. Алюнов, 2008-2017 Свидетельство №16066 от 23.08.2010 года